АҚШ-та су тасқыны болып, әскери базаның бір бөлігін шайып кетті

Базаны қалпына келтіру ұзаққа созылуы мүмкін

Ануар Маратов

АҚШ-тың Маршалл аралдарының бірі саналатын – Рой-Намурда су тасқыны болып, аймақтағы әскери базаның бір бөлігін су шайып кетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ArmyTimes-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Табиғи апат туралы Facebook-те Кваджалейн атоллында орналасқан АҚШ армиясының гарнизоны хабарлады. Су тасқыны аралдың солтүстік-батыс бөлігін басып қалып, кем дегенде үштен бірі су астында қалды.

«Бұл оқиға аралдың тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі ретінде тарихта қалады. Қиындықты шешіп, қалпына келтіруге дайындалып жатырмыз. Табиғи апаттан болған зардап бірнеше айға, тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін», – деді гарнизон командирі полковник Дрю Морган.

Оның айтуынша, бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Рой-Намур аралын мекендеп жүрген 80-ге жуық адам жақын маңдағы аралға эвакуацияланды.

Аймақтағы әскери базаның мәліметіне сәйкес, Кваджалейн мен Рой Намур аралдарында шамамен 1300 америкалық тұрады. Олар – АҚШ-тың әскери қызметшілері, қорғаныс министрлігінің қызметкерлері және мердігерлер. Кваджалейн атоллында АҚШ армиясының ғарыштық және зымыранға қарсы қорғаныс қолбасшылығының сынақ полигоны орналасқан.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30