Төрт редакцияға тінту жүргізіліп, 11 журналист қамауға алынды

Қырғызстан полициясы мен арнайы жасақ қызметкерлері 24.kg ақпарат агенттігі мен Тemirov LIVE YouTube арнасының Бішкектегі кеңселеріне тінту жүргізді

Нұрдәулет Кәкіш

Қырғызстан полициясы мен арнайы жасақ қызметкерлері 24.kg ақпарат агенттігі мен Тemirov LIVE YouTube арнасының Бішкектегі кеңселеріне тінту жүргізді. 11 адам қамауға алынды. Олардың көпшілігі – Тemirov LIVE YouTube арнасының журналистері. Жобаның негізін қалаушы Болот Темиров бұл Ішкі істер министрінің туыстарының қымбат мүліктері туралы видео жариялағаны үшін журналистерге қарсы кек қайтару операциясы екенін алға тартады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

18 қаңтар күні Бішкек соты 11 журналист пен Тemirov LIVE жобасының бұрынғы қызметкерлерін екі айға қамауға алды. ІІМ қызметкерлері оларды жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін ұстағандарын мәлім етті.

Temirov Live және «Айт айт десе» редакцияларының негізін қалаушы Болот Темиров ВВС тілшісіне қамауға алынған екі жобаның жетекшілері Махаббат Тәжібекқызы мен ақын (импровизатор ақын) Азамат Есенбековке жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тағылғанын айтты.

Ақын Есенбековтің қырғыз тіліндегі журналистік зерттеуі «Айт айт десе» YouTube-арнасында жарияланған.

«Олар (құқыққорғау органдары) үшін біздің жұмысымыз жаппай тәртіпсіздікке шақыру болып саналып отыр. Олар билікке бағытталып айтылған кез келген сын халықты жаппай тәртіпсіздікке шақыру болып көрінеді. Бұл – барып тұрған сандырақ», - деді Темиров.

Оның мәліметінше, жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін деген желеумен тағы екі адам ұсталған. Олар – оператор Ақыл Орозбеков пен бір жарым жыл бұрын жобадан кеткен Тemirov LIVE бұрынғы журналисі Ақтілек Қапаров.

16 және 17 қаңтар күндері Бішкектегі төрт редакцияға тінту жүргізіліп, журналистерден жауап алынды. Бірінші күні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚКК) қызметкерлері 24.kg ақпарат агенттігінің кеңсесін тінтіп, есігіне мөр жапсырған.

Редакция кеңсесінен ақпарат агенттігінің басшысын да жауап алуға алып кеткен. 24.kg шеф редакторы Махинұр Ниязова полиция бөлімшесіне барар алдында журналистерге оларды Украинадағы соғысты насихаттады деген айыппен жауапқа тартқанын айтып үлгерген.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30