Израиль Газадағы соғыстың қарқынды кезеңін аяқтады

ХАМАС Израильдің кепілге алған екі адамы израильдік атыс кезінде қаза тапқанын мәлімдеді

Израиль армиясы Газадағы операцияның қарқынды кезеңін аяқтағанын мәлім етті. Аймақтағы жағдайға байланысты тұрғындардың 85%-ы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль әскері Газадағы жердегі қарқынды операция кезеңін аяқтап, сектор аумағының солтүстік бөлігін бақылауға алғанын мәлімдеді. Қорғаныс министрі Йоав Галлант әскери күштер жақын арада Газаның оңтүстік бөлігін де бақылауға алатынын айтты.

Сонымен қатар, ХАМАС Израильдің кепілге алған екі адамы израильдік атыс кезінде қаза тапқанын мәлімдеді.

«Егер атыс тоқтаса, ұрланған адамдардың тағдыры шешіледі. Әскери қысымсыз біз ешкіммен келісімге келе алмаймыз. Тек күш қолдану арқылы ғана ұрланған адамдарды босатуға болады», - деді Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант.

Үкіметтік емес ұйым жариялаған суреттерден Израиль әскерлері шығарылғаннан кейін Бурейдж босқындар лагері іс жүзінде жойылып кеткенін көруге болады.

Өз кезегінде БҰҰ желтоқсан айының соңынан бастап аймақтағы қызметкерлеріне дәрі-дәрмек, отын, су және санитарлық жабдықтар жеткізу үшін Газа секторының солтүстік бөлігіне кіре алмай отырғанын айтып шағымданды.

«Газаға гуманитарлық көмек ағынын арттыру үшін кейбір қадамдар жасалды. Өкінішке қарай, құтқару көмегі бірнеше ай бойы аяусыз шабуылдарды бастан өткерген халыққа жетпейді», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш.

Анклавта 2 миллионға жуық адам – халықтың 85%-ы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айының соңында Қазақстан Палестинаға 38 тоннадан асатын қосымша гуманитарлық көмек көрсеткені туралы хабарланған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30