НАТО Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр – Bild

Осы жылдың ақпан айында НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынас ушығуы мүмкін

Ануар Маратов

Германияның Bild басылымының мәліметінше, Бундесвер (Германияның Қарулы Күштері) биыл ақпанда НАТО-ның Ресеймен болуы мүмкін соғысына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Басылым өз мақаласын Бундесвердің құпия құжатына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия Қорғаныс министрлігінің құпия құжатында Ресей мен НАТО арасындағы ықтимал «қақтығыс жолы» егжей-тегжейлі көрсетілген. Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы, НАТО-ның жүздеген мың сарбазының орналасуы және 2025 жылдың жазында соғыстың басталуы сипатталған.

Бундесвердің «Альянс қорғанысы 2025» сценариі 2024 жылдың ақпанында басталады. Ресей мобилизацияның тағы бір толқынын бастайды және қосымша 200 мың адамды әскерге шақырады. Осыдан кейін Кремль Украинада көктемгі шабуылды бастап, ол қарсы тараптың әскерін маусым айына дейін шегінуге мәжбүрлейді.

Басылымның жазуынша, осыдан кейін Ресейдің Батысқа жасырын, артынша айқын шабуылы шілде айында басталады. Кибершабуылдар және гибридті соғыстың басқа түрлері, негізінен Балтық елдерінде күтіледі. Сценарийге сәйкес, Ресей өз әскері мен орта қашықтықтағы зымырандарын Калининградқа ауыстырғанда жағдай шиеленісуі мүмкін.

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап «Сувалк дәлізі» (Беларусь шекарасы мен Ресей Федерациясының Калининград облысы арасындағы ең жақын жер, Польшаның Литвамен шекарасы осы аумақ арқылы өтеді) аймағында жасанды түрде «шекара қақтығысы» туындап,«көптеген құрбандармен тәртіпсіздіктер болады.

АҚШ сайлаудан кейін бірнеше апта бойы көшбасшысыз қалуы мүмкін. Міне осы сәтте Ресей Беларусьтің қолдауымен НАТО аумағына басып кіреді. 2025 жылдың мамырында НАТО тежеу шаралары туралы шешім қабылдайды, «Х күні» НАТО Шығысқа 300 мың әскер, оның ішінде Бундесвер 30 мың сарбазын жібереді.

Сценарий «Х күнінен» 30 күн өткен соң аяқталады. Мақалада «НАТО Ресейді тоқтата ала ма? Жоқ па?» деген сауал жауапсыз қалдырылды.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39