Ұлыбритания Украинаға 2,5 млрд фунт көлемінде көмек көрсетеді

Бұл туралы премьер-министр Риши Сунак Киевке сапарында мәлімдеді

Ануар Маратов

Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак Украина президенті Зеленскиймен кездесу қарсаңында бұл елге 2024-2025 жылдары 2,5 миллиард фунт стерлинг көлемінде әскери көмек берілетінін мәлімдеді. Бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 200 миллион фунтқа көп. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ұлыбритания үкіметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл қаржы Украинаның Ресеймен соғыста жеңіске жетуі үшін бөлінеді. Нақтырақ айтқанда бұл қаражат алыс қашықтықтағы зымырандарды, әуе қорғанысы, артиллериялық оқ-дәрілер және теңіздегі қауіпсіздік сияқты маңызды салаларда пайдалануға қажет техникаларға жұмсалмақ.

2,5 миллиард фунттың кем дегенде 200 миллионы Украина үшін мыңдаған әскери дрондарды, оның ішінде барлау, соққы және теңіз дрондарын жедел сатып алуға және өндіруге жұмсалады. Осы технологиялар арқылы Украина өз азаматтарын қорғап, құрлық және теңіз арқылы басып кіріп жатқан ресейлік күштерге соққы бермек.

Дрондардың көп бөлігі Ұлыбританияда шығарылады деп күтілуде, ал елдің қорғаныс министрлігі Украинаға жеткізілетін дрондардың санын едәуір арттыру үшін халықаралық серіктестермен жұмыс істемек.

«Ұлыбритания қазірдің өзінде Украинаның ең жақын серіктестерінің бірі болып саналады, өйткені біз олардың қауіпсіздігі – біздің қауіпсіздігіміз. Тиісінше, әскери көмегімізді арттырамыз, мыңдаған жаңа дрондар жеткіземіз және Украинаға ұзақ мерзімді кепілдік беру үшін жаңа тарихи қауіпсіздік келісіміне қол қоямыз» – деді премьер-министр Риши Сунак.

Ұлыбритания бүгінге дейін Украинаға 12 миллиард фунттан астам қаражат бөлді. 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39