Мектептегі атыс: бірнеше адамды жаралаған шабуылдаушы өз-өзіне қол жұмсады

Полиция қылмыс орнына 7 минуттан кейін жеткен

Админ

АҚШ-тың Айова штатындағы Perry High School мектебінде атыс салдарынан бір жасөспірім көз жұмып, бесеуі жараланды. Атысты бастаған 17 жастағы осы мектептің оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері қысқы демалыстан кейінгі алғашқы күні мектепте келе сала оқ жаудырған Дилан Батлер есімді 17 жастағы оқушы екенін хабарлады.

Ол мылтықпен және тапаншамен қаруланған. Полицейлер оның өз-өзін атып өлтіргенін айтады.

Мектеп ғимаратынан үйде жасалған жарылғыш құрылғы да табылды. Оны саперлер дер кезінде залалсыздандырып үлгерді.

Полиция қылмыс орнына 7 минуттан кейін жеткен. Кейінірек ФБР агенттері мен терроризмге қарсы арнайы күштердің қызметкерлері полиция қатарын толықтырған.
Атыс таңғы сегізінші жарымда басталған. Бұл кезде сабақ әлі басталмағандықтан, мектеп ішінде оқушылар саны әдеттегіден аздау болған.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, мектеп оқушыларының басым көпшілігі сабаққа оқиғадан кейін келген. Олар бірден үйлеріне қайтарылған.
Perry High School мектебі штат астанасы Де-Мойнның солтүстік-батысында орналасқан 8 мыңнан аса тұрғыны бар Перри қаласында орналасқан. Онда 1800-ге жуық оқушы білім алады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30