Израиль өз әскерлерінің бір бөлігін Газа секторынан шығара ма?

Газаның кейбір ауданында, әсіресе, Израиль толық бақылауға алған солтүстікте ЦАХАЛ әскери қимылдарын тоқтатады

Нұрдәулет Кәкіш

Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы соғысқа қатысқан бірнеше мың израильдік әскери тұрақты орналасу орындарына оралады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

ЦАХАЛ мәліметінше, жақын арада анклавтан бес жауынгерлік бригада шығарылады. Бірнеше мың әскери қызметші демалыс және оқу базаларына оралады.

Әскери сарапшылардың пікірінше, сектордың кейбір ауданында, әсіресе, Израиль толық бақылауға алған солтүстікте ЦАХАЛ әскери қимылдарын тоқтатады.

Сонымен қатар еврей мемлекетінің билігі АҚШ-тың қысымына ұшырауда. Олар Израильден Палестина халқына келтірілген зиянды азайту үшін әскери операцияның қарқынын бәсеңдетуді талап етіп отыр.

ЦАХАЛ жаңа жылды Газа аудандарына бірқатар соққы жасаудан бастаған болатын.

7 қазанда Израильге шабуыл жоспарлауға қатысқан ХАМАС-тың элиталық бөлімше командирі осы шабуылдардың бірінде өлтірілген.

Израиль әскерилерінің мәліметінше, лаңкестердің қолынан 1200-ге жуық адам көз жұмды. Олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар. 240-қа жуық израильдік пен шетелдік кепілге алынған. Олардың көпшілігі әлі күнге дейін тұтқында отыр.

Ал қаза тапқан палестиналықтардың саны 22000-ға жақындады. Бұл туралы Газа Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Газадағы гуманитарлық дағдарыс бұрын-соңды болмаған ауқымға ие болды. БҰҰ мәліметтері бойынша, анклавтың 2,3 миллион халқының 85 пайызы ішкі мигранттар болып саналады.

«Адамдар жаңа жылды қуанышпен тойлап жатыр. Ал біз үйден кетуге, қаңғып жүруге мәжбүрміз. Біз көшеде жан сауғалап жүрміз. Басымызда баспанамыз да жоқ», - деді палестиналық.

Фото: dzen.ru

«Бұрын жаңа жыл мен үшін туыстарыммен кездесуге себеп болатын. Мен бұл мерекені Бетлехемде жақындарыммен бірге өткізетінмін. Биыл бәрі басқаша, мен үйден және өз ортамнан алыстап кеттім», - деді тағы бір адам.

Газа тұрғындары әлі де азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек тапшылығын көріп, қажетті заттар мен отынның жетіспеушілігінен зардап шегуде.

Ал Израиль соғысты жеңіске жеткенше жалғастыруға, ХАМАС тобын толығымен жоюға мақсат қойып отыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39