Ресей Украинаға жаппай әуе шабуылын жасады

Киевте, Сумы облысының солтүстік-шығыс аймағында, шығысында Харьков пен Днепрде және Львовта жарылыстар туралы хабарланды

Админ

Ресей 29 желтоқсанға қараған түні Украина бірнеше аймағына әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Түнгі шабуылдар Украинаның сейсенбіде Ресей әскери-теңіз күштерінің Қырымдағы кемесіне соққы беріп, Ресей Федерациясының Қара теңіз флотына ауыр соққы жасағаннан кейін бірнеше күн өткен соң болды.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль шабуылдар әлеуметтік және маңызды инфрақұрылымға бағытталғанын мәлімдеді.

«Мониторымыздан бір уақытта осыншалықты көп соққыны бұған дейін көрген жоқпыз», – деді Украина әуе күштерінің спикері Юрий Игнат

Киев мэрі Виталий Кличко лаңкестік шабуылдардан кейін 7 адамның ауруханаға жатқызылғанын айтты. Шабуылдан қорғанатын пана ретінде де қолданылатын Киевтің орталығындағы Лукьяновская метро станциясындағы ғимараттың зақымдануына байланысты ойыздардың қозғалысы тоқтатылған.

Харьков облысының әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, қазіргі уақытта 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланған. Зымырандар медициналық мекемелер мен қоймаларды және басқа да азаматтық инфрақұрылымды зақымдаған.

Польшамен шектесетін Львовта да жарылыстардың болғанын хабарлады облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий жұма күні таңертең.

«Тұрғын үй бүлініп, өртеніп кетті», - деп хабарлады Львов мэрі Андрей Садовый жұма күні Telegram-да.

Бұған дейін Sarbaz.kz-те сарапшының Ресей мен Украина арасындағы соғыстың 2024 жылы қандай бағытта өзгеретіні туралы пікірі жарияланды

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19