Израиль Оңтүстік Ливанды қайта басып алуы мүмкін бе?

ЦАХАЛ Хезболла мен Ливанға қатаң ескерту жасады

Ануар Маратов

Израиль билігі Хезболланың шабуылдары әлі де жалғасатын болса, оларды Ливан шекарасынан ығыстыру үшін ЦАХАЛ қатаң шара қолданатынын ескертті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің мүшесі Бени Ганц егер Хезболла Израильдің солтүстігін бомбалауды тоқтатпаса, әскерилер араласатынын мәлімдеді. Ол дипломатиялық шешімнің уақыты аяқталғанын айтты.

Осы уақытта Израиль қорғаныс армиясының басшысы солтүстіктегі әскердің дайындығы өте жоғары деңгейде екенін мәлім етті.

«Біздің бірінші міндетіміз – Солтүстік тұрғындарының қауіпсіздігін  қалпына келтіру. Бұл уақытты қажет етеді», - деді Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Герци Халеви.

ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылдарынан кейін 7 қазаннан бастап өзара атыс жиіледі.

Сәрсенбі Хезболла үшін 8 қазаннан бері шекара бойында ең көп шабуыл жасаған күн болғанын хабарлады Reuters агенттігі.

Газадағы бұл қақтығыс бүкіл аймаққа таралуы мүмкін деген алаңдаушылық туындатты.

Естеріңізге сала кетсек, Бірінші Ливан соғысы кезінде (1982 ж. маусым-қыркүйек) Израиль армиясы Солтүстік шекараның қауіпсіздігі үшін Ливанның оңтүстігін басып алған болатын. Басқыншылық 2000 жылға дейін созылған.

Хезболланың Израиль территориясын атқылауы 2006 жылы Екінші Ливан соғысына себеп болды.

Израильдің өз жерін қалай кеңейткені туралы осы жерден оқи аласыз.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19