Таяу Шығыстағы жағдай: Газа секторында тағы ондаған адам көз жұмды

Франция президенті Эммануэль Макрон Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды атысты тоқтатуға шақырды

Ануар Маратов

Израиль күштері Газа секторының орталық бөлігіне құрлықтан, теңізден және әуеден тоқтаусыз соққы жасап жатыр. Палестина билігі тәулік ішінде тағы ондаған адамның көз жұмғанын хабарлады. Ал БҰҰ Денсаулық сақтау агенттігі мыңдаған адамның әскери қимылдардан қашуға тырысқанын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап. 

Израиль Газа секторындағы өршіп тұрған гуманитарлық дағдарысты тоқтату, жеңілдету туралы халықаралық үндеулерге қарамастан, ХАМАС-ты түбірімен жою үшін шабуылды әлі де бәсеңдетпеген.

Израильдік ұшақтар Газа секторының орталығында Әл-Нусейратқа үш рет соққы жасады. Оқиға орнында жеті адам қаза тауып, тағы бірнеше адамның жараланғанын хабарлады дәрігерлер сәрсенбі күні кешкісін.

БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Хан Юнис пен Орталық аудандағы соққылардан ондаған мың адамның қашқанын хабарлады.

Израильге халықаралық қысым күшейді. Франция президенті Эммануэль Макрон Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды аймақтық және халықаралық серіктестердің көмегімен атысты тоқтату үшін жұмыс істеуге шақырды.

Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, сәрсенбіде Израильдің әуе шабуылы Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнистегі Әл-Амаль ауруханасының жанында 20 палестиналық өлтірілген. Бірақ бұл туралы Израиль әскери күштері тарапынан ешқандай түсініктеме болмаған.

Сәрсенбіде Израиль әскери күштері Газа секторындағы шайқаста тағы үш сарбазының қаза тапқанын хабарлады. 20 қазанда жердегі операция басталғаннан бері Израильдің жалпы әскери шығыны 166-ға жетті.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі анклавта Израильдің шабуылынан 21 110 адамның қаза тауып, 55 243 адамның жараланғанын хабарлады. 

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59