«Өз саяси партиямызды құрамыз»: Ресей Жоғарғы соты Дунцованың шағымын қанағаттандырмады

2024 жылғы Ресейдегі президент сайлауына кандидатурасы қабылданбаған Екатерина Дунцова енді саяси партия ашуға бекініп отыр

Нұрдәулет Кәкіш

«Біз қол қусырып отырмаймыз. Біз өз саяси партиямызды құрамыз» деді Екатерина Дунцова өзінің телеграм арнасында. 2024 жылы Ресейде өтетін президент сайлауына ОСК оның кандидатурасын қабылдаудан бас тартты. Артынша Ресей Жоғарғы соты да Дунцованың шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Жоғарғы Сот мені президент сайлауына жіберу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бірақ біз қол қусырып отырмаймыз. Біз өз саяси партиямызды құрамыз. Біз дауысымызды есту үшін әрекет етуіміз керек. Біз көппіз! Біз қорқынышсыз өмір сүріп, еркін сөйлеп, болашағымызға сенімді болу құқығына қол жеткіземіз! Ресейліктердің көпшілігі бейбіт демократиялық болашақты қалайды. Біз сияқты ондаған миллион адам бар. Бірақ бірде-бір саяси партия біздің үнімізді естімейді немесе тыңдағысы келмейді. Бізде партияны өзіміз құрудан және өзгерістерге қол жеткізуден басқа жол жоқ. Бұл – біздің Отанымыз, ал екінші Отан бізде ешқашан болмайды!» - деді Дунцова.

Сонымен қатар ол жақтаушыларына партия құру жоспарын ұсынды. Оның сөзінше, жақында партияның ұйымдастыру комитеті құрылады. Қаңтар-ақпан айларында өңірлерде қолдаушылар жиналысын өтіп, құрылтай съезіне делегаттар таңдалады. Наурыз айында партияның Құрылтай съезі өтеді-мыс. Ал мамырға дейін Ресей аймақтарының жартысынан көбінде аймақтық филиалдар тіркеліп, маусым айынан бастап қыркүйек айында өтетін барлық сайлауға үміткерлер ұсынылады.

«Мен құруды ұсынатын партия Екатерина Дунцованың партиясы емес. Бұл бейбітшілік, бостандық және демократия үшін жұмыс жүргізетін барлық адамның партиясы болады», - деді Дунцова.

Бұған дейін Sarbaz.kz Екатерина Дунцованың немен айналысатынын, бұрын қандай мәселелерді көтергенін жариялаған болатын.

Екатерина Дунцова Ресейдің Красноярск қаласында дүниеге келген. Ұзақ жылдардан бері Тверь облысының Ржев қаласында тұрады. Жасы 40-та, 3 баланың анасы. Қолында жоғары оқу орнының қос дипломы бар. Оның бірі – заңгерлік, екіншісі – телевизиялық журналистика мамандығы.

2003 жылдан бері журналист ретінде еңбек етіп келеді. 2006-2022 жылдары жергілікті «РиТ» телестудиясының бас редакторы қызметін атқарған. 2019-2022 жылдары Ржев қалалық думасының депутаты болған.

Дунцова 16 қараша күні президенттікке үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған. Алайда РФ Орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын қабылдаудан бас тартты. Жоғарғы сот та Дунцованың шағымын қанағаттандырмады.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59