Америкалық шенеуніктер мен Израиль министрі Газадағы операцияны талқылады

Ақ үйдегі кездесу шамамен төрт сағатқа созылды.

Нұрдәулет Кәкіш

Газа секторындағы Израиль армиясы шабуылының бәсеңдеуі және ХАМАС-қа қарсы операцияның тағы бір кезеңі Вашингтонда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның Израильдің Стратегиялық жоспарлау министрі Рон Дермермен келіссөздерінің басты назарында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі СNN-ге сілтеме жасап.

Ақ үйдегі кездесу шамамен төрт сағатқа созылды.

Ақ үйдің өкілі телеарнаға хабарлағандай, тараптар соғыстың басқа кезеңіне өту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ХАМАС-тың маңызды нысандарына барынша назар аударуды көздейді.

«Тараптар сондай-ақ гуманитарлық жағдайды жақсарту және шабуыл кезінде бейбіт тұрғындарға келтіретін зиянды азайту, ХАМАС кепілге алған адамдарды босату мәселелерін қозғады. Сондай-ақ Газадағы қақтығыстардан кейінгі жағдайды жоспарлауға назар аударды», деп хабарлады CNN.

Сонымен қатар телеарна АҚШ-тың ресми өкілдері Израильден 20 мыңнан аса адам құрбан болған Газадағы үш айға жуық уақыт бойы жүргізіп келе жатқан жоғары қарқындылықтағы соғыстан бас тартуды талап еткенін хабарлады.

Өткен аптада Ақ үй журналистерге Израильдің АҚШ-ты операцияларды бәсеңдететініне сендірген, алайда нақты мерзімді атамағанын хабарлаған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02