Ресей кез келген қаладан Бахмут жасай алады – Украина Қарулы күштеренің қолбасшысы

Валерий Залужный алғаш рет баспасөз мәслихатын өткізді

Ануар Маратов

Ресей шапқыншылығы басталғаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізген Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный бір жылдағы соғыс әрекеттерін қорытындылап, болашаққа болжам жасады және жұмылдырудың жаңа ережелері жөніндегі заң жобасы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Залужный Үкіметтің мобилизация, демобилизация және әскери қызмет туралы заң жобаларына түсініктеме берді. Сонымен қатар ол майдандағы жағдай жайлы және келесі жылы Украинаның қорғанысы қандай болатыны туралы қысқаша айтты.

Мобилизациялаудың жаңа ережелері туралы заң жобалары Парламентте 25 желтоқсан күні көтерілді. Ол мобилизацияланатындардың жас мөлшерін 27-ден 25 жасқа дейін төмендетуді, әскери есепке алу мен шақыру қағаздарын тапсыру рәсімін жеңілдетуді, сондай-ақ мыңдаған айыппұл мен қамауға дейін жалтару үшін қатаң санкцияларды қарастырады.

Сонымен қатар заң жобасы әскери жағдай кезінде үш жылдан аса қызмет ететіндер мен тұтқында болғандар үшін демобилизация мүмкіндігін қарастырады.

Залужный әскерилер құжаттарды дайындау жөніндегі жұмыс тобында жұмыс істегенімен, ережелердің көпшілігі Бас штабта әзірленбегенін атап өтті.

«Біз армиямыз және біз азаматтық өмірге араласпай, соғысуымыз керек», - деді Залужный.

Шетелдегі әскери міндеттілер туралы да айтқан Залужный сыртта жүрген азаматтардың ел ішіндегі жағдайға араласқысы келмейтінін айтты.

Оның айтуынша, Бас Штаб үшін жұмылдыру маңызды, бірақ бұл – Үкіметтің міндеті.

Қолбасшы ұзақ уақыт бойы майданда соғысқан әскерилерді демобилизациялау тақырыбын да қозғады.

Оның айтуынша, Бас штаб пен Қорғаныс министрлігі әскери жағдай кезінде 36 айдан аса үздіксіз қызмет еткендер үшін демобилизацияға рұқсат беруге келіседі. Бірақ майдандағы жағдай ушығып кетпесе ғана. Өйткені «Қарулы күштер қатарынан кететін тәжірибелі адамдарды кім ауыстырады?» деген сұрақ туындайтынын айтты ол.

Валерий Залужный соғыстың болашағы туралы екі ұшты пікір айтты.

«Келесі жыл 2023 жылдан өзгеше болады деп сендіре аламын, біз мұны бәріміз жасаймыз», - деген Залужный әскери басшылық тапсырмаларды анықтап, оларды шешу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ресей әскерлері осы жазда басып алған Бахмут үшін кескілескен шайқастар, сондай-ақ Авдеевка мен Марьинка үшін шайқастар туралы айтқан ол бұл жерлерден толық айырылып қалу қаупі бар екенін растады.

Залужныйдың айтуынша, Ресей әскерлері артиллерияны кең пайдаланып, қалаларды қирататынын және 2-3 ай ішінде кез келген қаладан Бахмут жасай алатынын, дәл осындай жағдай қазір Авдеевка мен Марьинкада болып жатқанын айтты.

Ресей билігі бұл қаланы басып алғанын тез арада жариялауға асыққанмен, Залужный Украина әскерлері оның солтүстік бөлігін әлі де бақылап отырғанын айтты.

«Мен бұл елдімекен енді жоқ деп айта аламын», - деді ол Марьинка қаласындағы үлкен қирату туралы.

Марьинка қаласы Донецктің Батысында орналасқан. Ондағы шайқас 2022 жылдың 24 ақпанында Ресейдің шапқыншылығы басталғаннан бері жалғасып келеді.

Марьинкадағы шайқас 2 жылдан бері әлі тоқтаған жоқ. Фото: Апостроф

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22