Еуропалық Одақ Украинаны қолдауға қосымша 20 миллиард еуро қарастырып жатыр

Бұл көмек түрі 2024 жылдың наурызына дейін мақұлдануы мүмкін

Нұрдәулет Кәкіш

Еуропалық Одақтың ресми өкілдері Украинаға 50 миллиард еуро бөлудің бұғатталған төрт жылдық жоспарына балама ретінде қарыз құрылымын қолдана отырып, Киевке 20 миллиард еуро бөлу нұсқасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Financial Times-қа сілтеме жасап.

«Бұл схема мүше мемлекеттердің ЕО бюджетіне кепілдіктер беруін көздейді. Бұл Еурокомиссияға келесі жылы Киев үшін капитал нарықтарында 20 миллиард еуроға дейін қарыз алуға мүмкіндік береді», - деп жазады басылым осы мәселе бойынша пікірталастарға қатысатын дереккөздерге сілтеме жасай отырып.

Газет Киевті қолдауға қарастырылып отырған жаңа нұсқа ЕО-ға мүше барлық 27 мемлекеттің кепілдіктерін талап етпейтінін жазады. Егер негізгі қатысушылар несиелік рейтингі жоғары елдер болса, бұл ЕО-ға Венгрияның ветосын айналып өтуге мүмкіндік береді. Себебі бұл бірауыздан қолдауды қажет етпейді.

Басылым кейбір елге, соның ішінде Германия мен Нидерландыға ұлттық кепілдіктер алу үшін Парламенттің мақұлдауы қажет болатынын жазады.

«Ресми тұлғалар Украинаға наурыз айына дейін көмек көрсету үшін бұл процесстің уақытында аяқталатынынан үміттенеді», - делінген басылымда.

Онда Украинаны қаржыландырудың тағы бір резервтік жоспары бар: Еуроодақтың бірнеше айдан бір жылға дейінгі мерзімге 18 миллиард еуроға арзан несие беруі. Бірақ бұл нұсқаны жүзеге асыру үшін көптеген елдің шешімі қажет болады.

Желтоқсан айындағы саммитте ЕО елдерінің басшылары Украинаға одан әрі қаржылық көмек көрсету тақырыбы бойынша консенсусқа қол жеткізе алмады. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан саммитте осы мақсаттарға қаражат бөлуді бұғаттағанын растады.

«Біз бұл мәселеге келесі жылдың басында, қажетті дайындықтан кейін, саммитте ораламыз», - деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30