Қытай Зимбабвені қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр

Әскери көмек пакетінде бронетранспортерлер, жедел жәрдем көліктері, моторлы су тазартқыштар, патрульдік қайықтар, микроавтобустар, мергендік мылтықтар, пулеметтер және қол тапаншалары бар

Нұрдәулет Кәкіш

Қытай Зимбабвеге Қарулы күштерін жаңартуға 28 миллион АҚШ доллары көлеміндегі әскери техникалық жабдықтар берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі South China Morning Post-қа сілтеме жасап. 

Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Қытайға жомарттығы үшін алғыс білдірді.

«Бұл – Зимбабве мен Қытай арасындағы бұрын-соңды болмаған стратегиялық серіктестіктің нәтижесі», - деді Мнангагва.

АҚШ пен басқа да батыс елдері бұрынғы көшбасшы Роберт Мугабе билікте болған кезде адам құқықтарының бұзылуына және ақ фермерлерден жерді тартып алуға байланысты Харареге санкциялар салған кезде Қытай Зимбабвенің негізгі одақтасы болды. Көптеген батыс елдері, соның ішінде АҚШ адам құқықтарының тапталуына байланысты бұл елге қару-жарақ эмбаргосын сақтап қалды.

Қытай Зимбабвенің су бөгеттері, әуежайлары мен жолдары сияқты инфрақұрылымдық жобаларының негізгі инвесторы болып саналады. Қытайлық компаниялар Зимбабвенің тау-кен өнеркәсібіне миллиардтаған доллар инвестиция салған.

«Соңғы 23 жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуі, дамуы мен өркендеуі Батыс енгізген заңсыз санкциялармен жойылды. Осы кезеңде Қытай адал және сенімді одақтас болды. Біз шексіз ризамыз», - деді Мнангагва іс-шарада.

Қытайдың Зимбабведегі елшісі Чжоу Дин іс-шара кезінде Африка елін «үлкен дос» деп сипаттады. Чжоу екі елдің әскери күштері ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыратынын айтты.

Жабдықтарды өңдеу бойынша тренингтер өткізу үшін қытайлық әскери офицерлер Зимбабведе орналасқан.

Бейжің Зимбабвені Африканың оңтүстігіндегі өзінің ықпалын жүргізудің негізгі стратегиялық орны ретінде қарастырса, Хараре Қытайды халықаралық форумдарда тыңғылықты түрде қолдайды. Зимбабве – Қытайдан қауіпсіздік күштері бойынша бұрыннан көмек алушы елдің бірі.

Қытай 1980 жылы елдің ақ нәсілді үкіметін құлатқан қарулы күрес кезінде Зимбабвенің Африка ұлт-азаттық армиясының партизандарына қару-жарақ жеткізіп, оларға оқу-жаттығу бойынша көмек көрсеткен.

2017 жылғы төңкерістен кейін Мугабенің орнына келген Мнангагва Бейжіңде оқытылғандардың қатарында болды.

Айта кету керек, Қытайдың ұлттық аэротехникалық импорт және экспорт корпорациясы 2006 жылы 150 миллион АҚШ доллары тұратын реактивті тренажер сатып алуды қаржыландырды, ал Қытайдың Эксимбанкінен 104 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несие 2011 жылы Хараре шетіндегі Ұлттық қорғаныс колледжінің құрылысын қаржыландырды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30