Ұлыбритания әскери кемесін Гайана суларына жібереді

Николас Мадуро режимі Эссекибоға – Гайананың біршама мұнай қоры бар аймағына қатысты аумақтық талаптарды қайта бастады

Нұрдәулет Кәкіш

Николас Мадуро режимі эссекибоға – Гайананың айтарлықтай мұнай қоры бар аймағына қатысты аумақтық талаптарды қайта бастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі golosameriki.com-ға сілтеме жасап.

Ұлыбритания тарапы жексенбіде әскери кемені Гайана суларына жіберетінін хабарлады. Бұл мәлімдеме Гайана мен Венесуэла арасындағы бұрыннан келе жатқан аумақтық дау қайта өршігеннен кейін жасалды.

«Ұлыбританияның HMS Trent патрульдік кемесі аймаққа айдың соңында келеді», - деді Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі.

Николас Мадуроның Венесуэланың Гайана – Эссекибоның мұнайға бай аймағына деген талаптарын қайта жариялағаннан кейін шиеленістің күшеюі кезінде бұл хабарландыру жарияланды.

Желтоқсан айының басында ғана Гайана мен Венесуэла дауды шешу үшін күшке жүгінбейтіндіктерін мәлімдеген болатын.

Осы туралы бірінші болып жариялаған BBC бұл қадамның бұрынғы британдық колонияға дипломатиялық және әскери қолдау көрсетуге арналғанын хабарлады.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Ратли айдың басында Гайанаға барып, егеменді шекараларды «құрметтеу керектігін» және Лондон «Гайананың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін» халықаралық деңгейде жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.

Мадуро Үкіметі 3 желтоқсанда даулы референдум өткізді. Онда сайлаушылардың 95 пайызы Венесуэланы Эссекибоның заңды иесі деп жариялау идеясын қолдаған.

Осыдан кейін Мадуро Эссекибо аумағында Венесуэла провинциясын құрудың заңды процедураларын бастап, мемлекеттік мұнай компаниясына аймақтағы мұнайды өндіруге лицензия беруді бұйырды.

Гайана президенті Ирфан Али бұл әрекеттерді «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп» деп атады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30