Соғыс аяқталғанша демобилизация болмайды – Украина Қорғаныс министрі

Екі жыл бойы соғыста жүрген сарбаздарды үйге қайтару мүмкін бе?

Ануар Маратов

Украинаның Қорғаныс министрі Рустем Умеров Суспiльне басылымына берген сұхбатында елдегі демобилизация туралы соғыс аяқталғаннан кейін ғана айтуға болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Демобилизация» сөзін біз соғыс аяқталғаннан кейін ғана қолдана аламыз. Украина Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілерді мобилизациялау, демобилизациялау және кейінге қалдыру мәселелеріне түсініктеме беретін заң жобасын дайындауда», - деді Умеров.

Оның айтуынша, құжат туралы алдағы күндері нақты белгілі болады.

«Бұл соңғы екі жылдағы шешімдердің үлкен кластері болады. Жалпы, біздің мақсатымыз – қызмет жаза ретінде қабылданбауы үшін парадигманы өзгерту», - деді ол заң жобасы туралы.

Умеров енді Украина Ресей басып алған аумақтарды қалай қайтаруға болатынын ойластыруы керектігін атап өтті.

«Осыған байланысты мобилизация, демобилизация, кейінге қалдыру, әлеуметтік қорғау сияқты сұрақтарды өзгерту қажет. Егер қоғам оларды әскери қызметкерлерге, шенеуніктерге қойса, біз жауап беруге уақыт бөлуіміз керек», - деді Украина Қорғаныс министрі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз мәслихатында әскерилер 450-500 мың адамды мобилизациялауды сұрағанын айтқан болатын. Жаңа әскери қызметшілерді тартуды ғана емес, сонымен қатар екі жыл бойы қызмет етіп келе жатқан сарбаздарды демобилизациялауды да ескеру үшін жоспарды нақтылауды ұсынғанын атап өтті. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30