Ұлыбритания Израиль азаматтарын неліктен өз еліне кіргізгісі келмейді?

Санкциялар жақын отбасы мүшелеріне де қолданылуы мүмкін

Ануар Маратов

Ұлыбритания Палестина халқына зорлық-зомбылық әрекет жасаған израильдік экстремистік қоныстанушылардың кіруіне тыйым салады. Бұл туралы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz

«Бейбіт палестиналықтарға шабуыл жасап, оларды өлтірген экстремистік қоныстанушылар израильдіктер үшін де, палестиналықтар үшін де қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді.

Израиль қоныс аударушылардың зорлық-зомбылығын тоқтату және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қатаң шаралар қабылдауы керек.

Біз Ұлыбританияға қоныс аударушылардың зорлық-зомбылыққа қатысы бар адамдардың кіруіне тыйым саламыз. Біздің еліміз осы қорқынышты әрекеттерді жасайтын адамдарды панасына ала алмайды», - деп жазды министр Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Еуропалық Одақтың сыртқы саясат департаментінің басшысы Жозеп Боррел Израиль басып алған Иорданияның батыс жағалауында палестиналықтарға шабуыл жасаған еврей қоныстанушыларына санкциялар енгізуді ұсынатынын айтқан.

Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік департамменті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бейбітшілік пен тыныштыққа зиян келтіретін адамдарға визалық санкциялар жариялады.

Санкциялар осындай адамдардың жақын отбасы мүшелеріне де қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттік департамент АҚШ-тың Батыс жағалаудағы тұрақтылыққа зиян келтіретін кез-келген әрекетке, атап айтқанда израильдік қоныстанушылардың палестиналықтарға шабуылына қарсы екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Пентагон басшысы Ллойд Остин егер Израиль бейбіт тұрғындарды қорғауға көп күш жұмсамаса, Газада «стратегиялық жеңіліске» ұшырау қаупі бар деп мәлімдеді.

Ал АҚШ президенті Джо Байден Израиль Газа секторын жөн-жосықсыз бомбалауына байланысты жаһандық қолдаудан айырылу мүмкіндігін айтқан.

Бұл қадамдар Израильдің Газа секторында және Батыс жағалауда агресивті қадамдарды тоқтатуына қысым болып көрінеді.

Айта кетейік, Палестинаға негізінен көмекті араб елдері емес, АҚШ пен Еуропа. Мысалы, 1994 жылдан бері АҚШ Палестинаға 5,2 миллиард доллардан астам қаражат бөлді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52