Палестинаның егемендігі, Газа секторындағы қақтығыс, Қазақстан ұстанымы: сарапшы пікірі

Газа секторындағы қақтығыс қашан аяқталады?

Ануар Маратов

Газа секторындағы шиеленіс 2 айдан аса уақытқа созылып келе жатыр, ал оның қашан аяқталатынын болжау қиын. Sarbaz.kz тілшісі осы тұста Палестина-Израиль қақтығысына қатысты халықаралық қатынастар сарапшысы, саясаттанушы Ілияс Бақтығалиевтің пікіріне жүгінді.

Ол өз сөзінде қазіргі қақтығыс енді қашан аяқталатыны белгісіз екенін айтып өтті.

«Араб-Израиль қақтығысы бір ғасырдан астам уақытқа созылып келе жатыр және жақын уақытта толығымен аяқталады деп болжам жасау мүмкін емес.

Ал Палестинаның тәуелсіздік алу мүмкіндігі бар, өйткені бұған АҚШ қызығушылық танытып отыр. Президент Байден The Washington Post басылымына тіпті Газа секторы мен Батыс жағалауды біріктіру идеясын туралы мақала жазған. Ал Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен жақында қақтығыс аяқталғаннан кейін тәуелсіз мемлекет құру және Палестинаның саяси талаптарын қанағаттандыру туралы мәселе туындайтынын айтты», - дейді ол.

Сарапшының пікірінше Израильдің бұл мәселеге қатысты түбегейлі ұстанымына байланысты Палестинаның тәуелсіздігін жариялауы қиынға соғады.

Ал Қазақстан бұл тартыста кімді қолдайды?

«Қазақстан бұл жанжалда атысты тез арада тоқтатуды жақтайды, сол арқылы БҰҰ қағидаттары мен Бас хатшының ұстанымын бөліседі және қолдайды. ХАМАС тобының Израильге жасаған шабуылынан кейін бірден біздің ел бұл әрекетті кешірілмейтін іс деп айыптады, ал Израильді Палестинаның бейбіт тұрғындарына пропорционалды емес күш қолдану мен өлтіруден бас тартуға шақырды», - дейді сарапшы.

Жақында Израиль өз тұрғындарына Қазақстанды баруға кеңес бермейтін елдердің тізіміне енгізген. Бұл Газаға гуманитарлық көмекті жеткізумен және азаматтарымызды сол жерден эвакуациялаумен байланысты болуы мүмкін бе?

«Менің ойымша, Израильдің шешімі біздің ұстанымымызбен байланысты емес. Израиль біздің елімізді мұсылман дінін ұстанушылар деп санайды және мұсылман халқы арасында антисемиттік көңіл-күйдің жоғарылауын басшылыққа алады. Қазақстанның ұстанымы бүгінде Газа секторында атысты тоқтату үшін дауыс берген әлемнің тағы 153 мемлекетінің ұстанымынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Израильдің ең жақын одақтас ретінде АҚШ-ты қосқанда 10 мемлекет қана қарарға қарсы болды.

Менің ойымша, Израиль әлемнің көп бөлігімен қарым-қатынасты осы мемлекеттердің бітімгершілік ұмтылыстары негізінде бұзбайды», - деп сарапшы қортындылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді. Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізілді.

Ал 17 қараша күні қақтығыс жүріп жатқан аймақтан 99 жолаушы эвакуациялық бортпен жеткізілген болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39