Днепр өзеніндегі тығырық: Украина Херсон облысындағы плацдармды ұстап тұра ала ма?

Плацдарм туралы 2023 жылдың қазан айында белгілі болды

Ануар Маратов

Днепрдің сол жағалауындағы плацдармды ұстап тұру әрекеттері Украинаның «Думська» басылымында «Қарулы күштерінің қолбасшылығының қылмысы» деген атауға ие болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Сарбаздардың көбісі өзен арқылы өтер болса, жағаға жақындаған бетте-ақ өлтіріледі. Аман қалғандар Ресей әскерінің атысының астында қалады.

Ал жаралыларды ол жерден әкетпейді. Сарбаздарды үнемі өзеннің басқа жағалауына жібереді. Бұдан әрі қарай шабуыл туралы сөз жоқ, қазір күштің бәрі сол жерде қалу үшін жұмсалып жатыр. Не үшін?» - деп жазылады мақалада.

Мақала авторы, бұл плацдармда Украина қарулы күштерінің орасан зор шығынға ұшырағаны туралы жазады.

«Адамдарды батальондармен жұмсайды», - деп автор жазады.


Крынки ауылы. Дереккөз: Громадське радио

Бұл мақалада Днепр өзенінің сол жағалауындағы, Ресей оккупацияға алған Херсон облысының Крынки ауылында құрылған плацдарм туралы жазылған. Плацдарм туралы 2023 жылдың қазан айында белгілі болды. Плацдарм Украинаның қарсы шабуылы кезінде ресейліктердің назарын аудару үшін керек болды. Ресей қарулы күштері плацдармды жою үшін әскерінің үлкен санын қолданып отыр. Шағын жер аумағы үшін қиян-кескі ұрыстар нәтижесінде Крынки ауылы толықтай жойылды деп айтуға болады.

Украинаның қарсы шабуылы қойған мақсаттарға жете алмағандықтан, плацдармның бар болуы және оны ұстап қалуға айтарлықтай күшті жұмсау Украина қоғамында қызу талқыланып жатыр.

Қазіргі уақытта әскери әрекеттер тығырыққа тірелді. Украина күштерінің плацдармды кеңейтетін, ал ресейлік күштердің оны жоятын мүмкіндіктері жоқ. Алайда, соңғы уақыттағы батыс БАҚ беттеріндегі жарияланымдарды назарға алатын болсақ, жақын уақытта Украина қарулы күштері оқ-дәрі жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59