Ұлыбритания жаңа гаубица әзірлеуге кірісті

Украина тәжірбиесі Еуропа елдерін артиллерияның маңызын қайта қарауға мәжбүрлеп отыр.

Ануар Маратов

BAE Systems келер жылдың басында Ұлыбритания армиясына 155 мм артиллерия жеткізу үшін өзінің салалық командасының мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Defence News-ке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің Mobile Fires Platform бағдарламасын бастады. Бағдарламаның басты мақсаты – 155мм AS90 артиллериялық жүйелерді алмастыру.

Babcock және Rheinmetall BAE Systems Land(RBSL) компаниялары осы бағдарламада Archer 8x8 доңғалақты артиллериялық жүйесін ұсынатын BAE командасына қосылады, деп компаниялар хабарлады.

Archer-ді Швецияның BAE қорғаныс компаниясы өндіреді. Бірақ Archer-ді британиялық армия таңдаса, өндірістің үлесі 60% болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта компания Англияның солтүстігіндегі өндіріс алаңдарын қарастыруда. Бұл аймақта бірнеше жыл бұрын M777 155 мм жеңіл гаубица өндірісі аяқталғаннан кейін қару-жарақ өндірісі жабылған болатын.

Ұлыбритания әскері ескірген 155 мм AS90 жүйесін ауыстыруға тырысады және 2029 жылға қарай 96 машинаның жеткізілуін күтеді.

Бағдарламаға сондай ақ, америкалық, оңтүстіккореялық және неміс компаниялары қатысады.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне сүйене отырып, Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің шенеуніктері артиллериялық бағдарламаны жеделдету мүмкіндігін зерттеп жатыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19