«Біз әлемдегі екінші күшті әскермен соғысып жатырмыз»: Зеленскийдің AP агенттігіне берген сұхбаты

Зеленскийдің айтуынша соғыс жаңа кезеңге өтті

Ануар Маратов

1 желтоқсан күні Associated Press агенттігі Украина президенті Владимир Зеленскийден алған сұхбатын жариялады. Sarbaz.kz тілшісі осы сұхбаттың маңызды тұстарын шолып өтті.

АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ НАУҚАН

Зеленскийдің айтуынша, қыстың басталуы Ресеймен 21 айға созылып келе жатқан соғыстың жаңа кезеңін білдіреді. Бұл тек майданданға ғана емес, сонымен қатар қалалар мен елді мекендердегі бейбіт тұрғындарға, сондай-ақ астық экспортына әсер етеді.

Ол өз сөзінде Ресейдің әуе шабуылдарын күтіп отырғанын айтты. Өткен жылы мұндай шабуылдар негізгі азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп, электр, жылу және сумен жабдықтауға әсер етті. Сөз арасында Ресей астық қоймалары мен порттарды нысанаға алғанын, бұл экспорттық мүмкіндіктерді шектегенін айтты.

Украина Батыс одақтастарының арқасында әуе қорғаныс жүйелеріне ие болып қана қоймай, ірі қалаларға жасалып жатқан дрон және зымыран соққыларының көпшілігін тойтарып үлгереді. Зеленскийдің айтуынша, азаматтық аймақтарды қорғау ұзақ майдан шебінде қорғанысты сақтаумен қатар, қысқы науқанды ерекше қиындатады.

ҚАРСЫ ШАБУЫЛ

Ол Украинаның жаз уақытындағы қарсы шабуылы туралы айта отырып, бұл көпшілік күткендей нәтиже бермегенін мойындады. Зеленскийдің айтуынша, бұл негізінен Украинаның одақтастардан қажетті қаруды алмауына байланысты болды, бұл құрлық әскерлерін қолайсыз жағдайға қалдырды.

«Қараңызшы, біз артқа шегініп жатқан жоқпыз. Бұл мені қанағаттандырады. Біз әлемдегі екінші (ең күшті) әскермен күресіп жатырмыз», - деді Ресей әскеріне сілтеме жасап.

Ол Украинаның алға тез жылжып, үлкен жетістіктерге жете алмай отырғанын мойындады, бірақ бұл берілуге себеп емес екенін айтты.

ИЗРАИЛЬ МЕН ХАМАС СОҒЫСЫ

Зеленский Израильдің ХАМАС-пен соғысынан кейін Украинадағы жағдай белгілі бір деңгейде жұрт назарынан тыс қалғанын айтты. Бұл қатер қару-жарақ немесе қаржы жеткізіліміне айтарлықтай әсер еткенін қозғап өтті.

ОТАНДЫҚ ҚАРУ ӨНДІРІСІ

Зеленский Украинадағы ішкі қару-жарақ өндірісін ұлғайтқысы келеді. Бұл елге сыртқы жеткізушілерден тәуелсіз болуға мүмкіндік береді.

Украина өзінің бюджетінің едәуір бөлігін қару-жарақ өндірісіне, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарына бөледі.

Зеленский Батыс одақтастары Украинаға қару-жарақ өндіруге және жөндеуге лицензия береді деп үміттенеді. Ол сондай-ақ осы жоспарларды іске асыру үшін Батыстан арзан несие алғысы келеді.

АҚШ, ЕУРОПА ЖӘНЕ ҚЫТАЙ

Америкалықтардың жартысына жуығы Украинаға көмек көрсетуді қолдамайтынын анықтаған AP сауалнамасына түсініктеме бере отырып, Киевтің АҚШ пен басқа елдердің де пайдасы үшін күресіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, Ресейдің жеңісі Еуропадағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

УКРАИНА МЕН РЕСЕЙДЕГІ САЙЛАУ

Украинада 2024 жылдың наурызында президенттік сайлау өтеді. Бірақ Зеленский бұл сайлаушыларға соғыс кезінде қауіп төндіретінін айтып, өткізе алмайтынын айтты. Онлайн дауыс беру конституцияға түзетулер енгізуді талап етеді және Ресей басып алған аумақтарда да дауыс беру мәселесі бар.

Сайлау Украинаның қауіпсіздігі тұрақталғаннан кейін өтуі керек, деп қосты ол.

Дәл осы айда Ресейде сайлау өтеді, президент Владимир Путин келесі алты жылдық мерзімге үміткер болуы мүмкін. Зеленский Ресейдегі сайлауды демократиялық түрде болмайтынын және оның нәтижесі қандай болатынын бәрі біледі деп мәлімдеді. Өз сөзінде бүкіл әлем мұндай жағдайда Ресейдегі сайлауды заңсыз деп атауы керек деп қосты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53