Израиль барлау қызметі әлемнің түкпір-түкпіріндегі ХАМАС көшбасшыларын жою жоспарын растады

Беньямин Нетаньяху өзінің барлау агенттіктеріне Газа секторынан тыс, соның ішінде Түркия, Катар және басқа да жерлерді мекендеген Палестина ХАМАС қозғалысының жоғары басшыларын жою жоспарларын әзірлеуді тапсырғанын хабарлады 

Нұрдәулет Кәкіш

Израильдің ішкі қауіпсіздік қызметінің директоры (Шин-Бет) Ронен Бар елдің министрлер кабинеті ХАМАС пен оның басшыларын қай елдерде болса да, жою міндетін қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі HAARETZ газетіне сілтеме жасап.

«Бұл біздің Мюнхен. Барлық жерде – Газада, Палестина территориясында, Ливанда, Түркияда және Катарда. Бізге бірнеше жыл қажет болады, бірақ біз мұны істеу үшін сол жерде боламыз», - деп келтірді басылым Бардың телеарнада сөйлеген сөзін.

Сонымен қатар ол Израильге төніп тұрған қауіптің ауқымы өтіп бара жатқан осы жылы, тіпті қазіргі оқиғаларға дейін де дәл бұлай бұрын-соңды болмағанын, лаңкестердің көзден таса болғанын айтты.

Бұған дейін The Wall Street Journal газеті Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху өзінің барлау агенттіктеріне Газа секторынан тыс, соның ішінде Түркия, Катар және басқа да жерлерді мекендеген Палестина ХАМАС қозғалысының жоғары басшыларын жою жоспарларын әзірлеуді тапсырғанын хабарлады.

«Акциялар Газадағы ХАМАС-қа қарсы операция аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Өйткені Катар немесе Түркия аумағындағы қозғалыс жетекшілерін жою кепілге алынған адамдарды босату үшін дипломатиялық әрекеттерді қиындатуы мүмкін», деп жазды басылым.

Бардың Мюнхен туралы айтуы 1972 жылы 5 қыркүйекте Мюнхен Олимпиадасы кезінде «Қара қыркүйек» мүшелері Израильден саяси тұтқындарды босатуын талап еткен Палестина террористік қозғалысы Израильдің 11 спортшысын өлтіргендігімен байланысты болуы мүмкін. 

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59