Құжатқа Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай, Сауд Арабиясы елдерін қосқанда 91 мемлекет дауыс берді
БҰҰ Бас Ассамблеясы сейсенбіде Израильдің басып алған Голан биіктерін босату туралы қарар қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатқа Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай, Сауд Арабиясы сияқты 91 ел дауыс берді. Сегіз мемлекет, оның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания қарсы болды, тағы 62 ел қалыс қалды. Қарардың авторлары: Алжир, Венесуэла, Египет, Иордания, Ирак, Катар, КХДР, Куба, Кувейт, Ливан, Мавритания, БАӘ, Сирия, Тунис.
Құжат сегіз тармақтан тұрады. Оның біріншісі – Израиль БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1981 жылғы 497 қарарын әлі орындамаған. Ол елдің Голан шыңдарынан израильдік құзыретті белгілейтін заңның күшін жоюды талап етеді. Бұдан басқа, қарарда «Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау үшін 1967 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша болған шекараға сәйкес Израиль басып алған сириялық Голан шыңдарынан кетуі керек» деген талап бар. Сондай-ақ, қарарда «Сириялық Голан шыңдарын басып алу және олардың нақты қосылуы – аймақтағы әділ, жан-жақты және берік бейбітшілікке жету жолындағы кедергі болып саналады» деген белгі бар.
Айта кетейік, Сирияға тиесілі Голан биіктерін 1967 жылғы алты күндік соғыс кезінде Израиль басып алған. 1981 жылы Кнессет (Израиль парламенті) еврей мемлекетінің осы аумаққа егемендігін біржақты түрде жариялаған заң қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1981 жылғы 17 желтоқсандағы 497 қарарымен аннексия жарамсыз деп танылды.