Таиланд премьері ХАМАС 12 тұтқынды босатқанын мәлімдеді

Тұтқындардың алғашқы легі жұма күні босатылатыны да мәлім етілген еді

Админ

Таиланд премьер-министрі Сеттха Тхависин Газа секторында қамауда ұсталып отырған аталған елдің 12 азаматы еркіндікке жіберілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қауіпсіздік қызметтері мен сыртқы істер министрлігі тұтқынға алынған 12 таиландтық бостандыққа жіберілгенін растады», – деп жазды Сеттха Тхависин X (Twitter) әлеуметтік желісінде.

Адамдарды ХАМАС радикалды тобының мүшелері ұрлап әкеткені айтылған.

Еске салайық, Палестиналық ХАМАС тобы 7 қазан күні Израильге шабуыл жасап, музыкалық фестиваль өтіп жатқан жерден көптеген адамды күштеп әкеткен болатын. Тұтқынға алынғандар арасында Қытай мен Таиланд азаматтары да бар екені айтылды. Израильң дерегіне сүйенсек, ХАМАС сол күні Газа секторына 203 адамды кепілге әкетті.

22 қарашада Израиль мен ХАМАС тұтқындарды босатуға, соғысты уақытша тоқтатуға келіскенін жазған болатынбыз. Ал 24 қарашада бұл бітім күшіне енгені жарияланды.

Келісімге сәйкес, оқ атуға үзіліс төрт күнге созылады. Осы уақыт ішінде кепілге алынған 50 израильдік пен 150 палестиналық тұтқын босатылады. Сондай-ақ Газаға гуманитарлық көмектер жеткізіледі деп күтілген.

Тұтқындардың алғашқы легі жұма күні босатылатыны да мәлім етілген еді. 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02