АҚШ Жапонияға 2,4 млрд долларға «Томагавк» зымырандарын жеткізеді

Жапония 400 зымыранды, бағдарламалық жасақтаманы, жабдықты, оқытуды және басқа қондырмаларды сатып алуды сұрады

Ануар Маратов

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әскери жетекшілермен кездескеннен бірнеше күн өткен соң Жапонияға қару-жарақ сатылатыны туралы мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Breaking Defence басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 17 қараша күні Жапонияға жүздеген Raytheon өндірісінің «Томагавк» зымырандарын және онымен байланысты жүйелерін 2,4 млрд долларға сатуын мақұлдады.

Жапония 400 зымыранын – 200 block IV All up Round және 200 Block V және 14 басқару жүйесін, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы, жабдықты, оқытуды және басқа қондырмаларды сатып алуды сұрады.

«Ұзақ қашықтағы зымырандармен қамтамасыз ету арқылы Жапония қазіргі және болашақ қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілетін жақсартады. Жапония бұл өнімдерді өзінің қарулы күштеріне еш қиындықсыз енгізеді», - деп қорғаныс қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық агенттігінің сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

Бұл мәлімдеме Байден әкімшілігі Үнді-Тынық мұхиты аймағында параллельді стратегияны жүзеге асырған кезде жасалды. Осы сапарда Қытаймен кейбір шиеленісті қатынастарды қалпына келтіру стратегиясы, сонымен бірге Бейжіңнің агрессиясына қарсы тұру үшін аймақтағы америкалық одақтастарға қомақты қаражат салу мәселелері талқыланды. Өткен аптада АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Оңтүстік Корея мен Жапонияның Азиядағы әскери басшыларымен кездесті, ал президент Джо Байден Ақ үйде Қытай басшысы Си Цзиньпинді Азия-Тынық мұхиты форумы қарсаңында тарихи сапармен қабылдады.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55