Израиль Ливандағы «Хезболла» нысандарына соққы жасады

Зардап шеккендер туралы әзірге деректер жоқ

Нұрдәулет Кәкіш

Израиль қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» нысандарына соққы берді. Бұл туралы Израиль әскери күштері мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

«Біраз уақыт бұрын Израиль территориясын бомбалауға жауап ретінде ЦАХАЛ жауынгерлері Ливандағы «Хезболла» террористік инфрақұрылымына соққы берді. Сонымен қатар Израиль қорғаныс армиясы артиллерия мен басқарылатын iron Sting миномет снарядын пайдаланып, террористік нысандарға соққы жасады», - делінген телеграм арнада жарияланған хабарламада.

Ондағы мақсат террористік базалар мен инфрақұрылымды, бақылау пункттерін және Израильге қарсы террорлық шабуыл жасауға қолданылатын технологиялық жабдықтарды жою болғандығы аталып өтті.

Сондай-ақ «Хезболла» Израильдің солтүстігіндегі Адамит ауданына қарай танкке қарсы зымыран ұшырды. Зардап шеккендер туралы әзірге деректер жоқ.

Израиль қорғаныс армиясы тарапынан зымыран ұшырылған жерге артиллериялық соққы берілгені айтылды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19