АҚШ қарулы күштері Сирияның шығысына әуеден шабуыл жасады

Бұл соққыны АҚШ-тың екі F-15 жойғышы жасап, қару-жарақ қоймасына тигізді

Ануар Маратов

АҚШ қорғаныс министірі Ллойд Дж. Остин III-нің мәлімдемесінде екі F-15 жойғышы өзін-өзі қорғау мақсатында Ислам революциясының қорғаушылар корпусының және олармен байланысты топтардың қару-жарақ қоймаларына әуеден шабуыл жасағаны айтылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бүгін Президент Байденнің нұсқауы бойынша АҚШ қарулы күштері Сирияның шығысындағы Ислам революциясының қорғаушылар корпусы (ИРҚК) және онымен байланысты топтар қолданған нысанға қарсы өзін-өзі қорғау үшін соққы берді. Бұл соққыны АҚШ-тың екі F-15 жойғышы жасап, қару-жарақ қоймасына тигізді. Бұл жоғары дәлдіктегі өзін-өзі қорғау соққысы Ирак пен Сириядағы АҚШ қызметкерлеріне ИРҚК – Кудс бөлімшелері жасаған бірқатар шабуылдарға жауап болып саналады. Президент америкалық персоналдың қауіпсіздігінен басым ешнәрсе жоқ екенін және ол осы әрекетімен Америка Құрама Штаттарының өзін, қызметкерлерін және мүдделерін қорғайтынын жеткізді.

Америка Құрама Штаттары өз азаматтары мен нысандарын қорғау үшін ары қарай да қажетті шараларды қабылдауға дайын. Біз кез-келген шиеленістен аулақ болуға шақырамыз. Америкалық қызметкерлер Ирак пен Сириядағы содырларға қарсы миссияларды жалғастырады», - делінген мәлімдемеде.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02