ХАМАС кепілге алынған израильдіктерді босатуға дайын

Админ

ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілі Гази Хамад NBC News-ке берген сұхбатында басшылық бір айға жуық уақыт бойы кепілге алынғандарды босату бойынша «толық ымыраға келуге» дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz NBC News сайтына сілтеме жасап. 

Алайда таяуда ғана Израильге қарсы жаңа лаңкестік шабуыл жасаймын деп бірнеше рет қорқытқан Хамад сонымен «израильдік түрмелердегі барлық тұтқынды босату» туралы талап қойды.

«Біз бұл адамдардың үйлеріне оралғанын қалаймыз. Сондай-ақ біздегі тұтқындар да үйлеріне оралғанын қалаймыз. Сондықтан біз қазір толық ымыраға келіп, кепілге алынған барлық адам: әскерилерді де, бейбіт тұрғындарды да қабылдау үшін мәмілені аяқтауға дайынбыз деп ойлаймын», - деп мәлімдеді Хамад.

БҰҰ хабарлауынша, Израиль 5000 палестиналықты, соның ішінде 160 баланы тұтқында ұстап отыр. ХАМАС 7 қазанда Израильге шабуыл жасағаннан бері 230-дан астам адамды кепілге алған.

Хамад NBC News арнасына берген сұхбатында Израильді Газа секторына қарсы агрессиясын тоқтатуға шақырды.

Айта кетейік, Хамад өткен аптада Ливанның LBC телеарнасына ХАМАС Израильді жоюы керек екенін және 7 қазандағы операцияны «екінші, үшінші, төртінші» рет қайталауға дайын екенін айтты. Ол топтың басқыншылыққа қарсы күресті жалғастырғысы келетінін қосты.

«Басқыншылыққа қарсы күресу – заңды құқығымыз. Бұл халықаралық құқыққа сай. Барлық ереже мен заңға сәйкес», - деді ол.

«ХАМАС Израильдің Газа секторына шабуылын тоқтатқаны үшін не істейді?» деген сұрақ қойылды. Оған Хамад «Біз агрессияны, халқымызды өлтіру және қырғынды тоқтатқымыз келеді. Осыдан кейін біз кез келген әңгіме – кепілге алынғандар, тұтқындар, бәрі туралы сөйлесе аламыз, бірақ алдымен олар агрессияны тоқтатуы керек», - деп жауап берді.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02