«Террорлық шабуылға қатысы жоқ адамдарды қорғау керек»: Макрон Газа секторындағы жағдай туралы

Айтуынша, Францияда Израильді де, Палестинаны да қолдайтындар бар

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапары аясында Maqsut Narikbayev University студенттеріне дәріс оқып, сауалдарына жауап беріп жатыр. Таяу Шығыс және Израиль мен Палестина қақтығысы туралы да пікір білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, Францияда Израильді де, Палестинаны да қолдайтындар бар.

«Менің көшбасы ретінде позициям қандай? Бұл жай ғана бір жерде оқи салатын мәселе емес. Біз Израильге жасалған террористік шабуылдардың барлығы дұрыс емес деп есептейміз. Біз осы мемлекетті қолдаймыз. Ешкім өз мемлекетінде біреудің өлтірілгенін, мыңдаған адамның өмірі қиылғанын қаламас еді. Бұл террорлық шабуылдарды айыптауымыз керек», - деп атап өтті Франция басшысы.

Екіншіден Макрон халықаралық құқықты сақтау керектігін айтты.

«Террорлық ХАМАС-ты жазалау керек, бірақ сол жерде өмір сүретін бейбіт тұрғындар кінәлі емес, оларды қорғау керек. Сол себепті, Газадағы тұрғындарды қорғау үшін, құтқару үшін гуманитарлық көмек жіберуді сұрадық, ешқандай террорлық шабуылға қатысы жоқ адамдарды қорғау керек деп есептейміз.

Менің көңілім толмайтын нәрсе – адамдардың өмірін алалайтындар бар. Палестиналықтардың өмірі немесе израильдіктердің өмірі маңыздырақ деген ақылға қонбайтын пікірталас бар. Менің ойымша, бұл жерде жалпы адамның өмірі туралы, адамның құндылықтары ерекше деген түсініктер айтылуы керек. Бұл БҰҰ-да негізделген. Сонымен біздің ойымыз – біріншіден, терроризммен күресу, екіншіден – халықты қорғау, үшінші – саяси диалог құру керек», - деді Эмманюэль Макрон.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02