Израиль армиясы Газа секторы аумағында рейд жүргізді

Рейдке ЦАХАЛ-дың 36-шы дивизиясының жаяу, бронды және инженерлік бөлімшелері қатысты

Нұрдәулет Кәкіш

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) бейсенбі күні кешкісін Газа секторының аумағына рейд жүргізуді бастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Jerusalem Post газетіне сілтеме жасап.

«Рейдке ЦАХАЛ-дың 36-шы дивизиясының жаяу, бронды және инженерлік бөлімшелері қатысты. Олар авиацияның қолдауымен бірнеше сағат бойы ХАМАС пен террористік нысандарға шабуыл жасап, көп ұзамай сектордан кетеді деп күтілуде», - деп хабарлады Израиль армиясының радиосы.

Жоғары шенді әскери қызметкерлер мен шенеуніктерге сілтеме жасаған New York Times газеті ЦАХАЛ Газа секторында құрлықтағы операцияны жүргізуге дайын екенін, бірақ әскери және саяси көшбасшылар оны қашан және қалай бастау керектігі жөнінде әртүрлі пікірде екенін хабарлады.

«ХАМАС-тан бейбіт тұрғындарды қырғынға ұшыратқаны үшін кек алуға ант берген Израиль басшылары мұны қалай жасау керектігі туралы әлі келіскен жоқ. Дегенмен әскерилер жұма күні әрекет ете бастайды», - деп жазады басылым.

Газетке пікір білдірушілердің сөзінше, ХАМАС тұтқындаған кепілге алынған адамдарды босатуға біраз уақыт керек болған соң ЦАХАЛ жердегі операцияны сәл кешіктіріп жатыр.

Сонымен қатар жаяу әскер шабуылын бір ірі операция немесе бірнеше кішігірім операция шеңберінде жүргізу туралы шешім қабылдауда Үкімет басындағылар арасында да дау туындап тұрған көрінеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55