АҚШ-тағы еврей қауымдастығының көшбасшысы адам қолынан қаза болды

Оның өлі денесі пышақ жарақаттарымен саябақта табылды

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ-тың Детройт қаласында жергілікті конфессиядан тыс Синагога қамқоршылар кеңесінің басшысы Саманта Уолл кісі қолынан көз жұмды. Мәйіт оның үйінің жанындағы саябақта табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері Уоллдың денесінде бірнеше пышақ жарақаты барын хабарлады. Ал қанды із офицерлерді Саманта Уоллдың үйіне апарған. Қылмыс сол жерде болған.

Полиция қылмыстың себептері әзірге белгісіз екенін, бұл жөнінде ФБР-ден көмек сұрағанын мәлім етті.

Детройт полициясының бастығы Джеймс Уайт тергеу жүріп жатқан кезде марқұмның жақындары мен таныстарын сабырлы болуға шақырды. Оның айтуынша, бұл қылмысқа қатысты сұрақ көп болғанмен, әзірге бірде-бір жауап жоқ.

«Барлық дәлелдер қарастырылғанға дейін қорытынды жасауға ертерек», - деді Уайт Reuters агенттігіне жіберген мәлімдемесінде.

Саманта Уоллдың өлімі Детройттағы еврей қауымының қабырғасын қайыстырды.

Мичиган штатының Бас прокуроры Дана НессельХ әлеуметтік желісінде (бұрын Twitter):

«Сэм мен кездестірген ең мейірімді адамның бірі еді. Оның қоғамға, мемлекетке және елге деген сүйіспеншілігі шынайы еді», - деп жазды.

Штат пен қала әкімшілігінің өкілдері Уоллды Детройттың ең белсенді жас көшбасшыларының бірі ретінде еске алды.

Мичиган штатының губернаторы Гретчен Уитмер Самантаның өліміне қатысты қылмысты «қатыгездік» деп атады.

«Ол біздің қоғамның шамшырағы, көзайымы болды. Ол Мичигандағы өмір сапасын жақсарту жолында көп жұмыс атқарды», - деді ол мәлімдемесінде.

Еврейлер қауымдастығымен байланыс жөніндегі кеңес директорының көмекшісі Сэм Дубин Саманта әрдайым күлімдеп қарсы алатынын еске алды.

«Не ойласаңыз да, көңіл күйіңіз қандай болса да, Сэммен сөйлескенде бос сөзден арылып, ойды тек жақсы нәрселерге қарай бұруға әсер ететін еді», - деді ол.

Саманта Уоллдың өлімі Америка Құрама Штаттарындағы еврей және мұсылман қауымдастықтары арасындағы шиеленістің күшейген кезінде болды.

7 қазан күні Хамас Израильге шабуыл жасағаннан кейін басталған соғыс Израильдің әскери жауабына қарсы жаппай наразылық тудырды. Нәтижесінде кейбір еврей мекемелері, соның ішінде АҚШ-тағы ең ірі Палестина қауымдастықтарының бірі орналасқан Детройтта да жабылды.

Әзірге шенеуніктердің ешқайсысы Саманта Уоллдың өліміне Израиль мен Газа секторының айналасындағы оқиғалардың қандай да бір байланысы бар-жоғын айтпады.

«Біз бұл жағдайға қайғырамыз. Бірақ жұртшылықты қауөсеттен аулақ болуға және құқық қорғау органдарына толық ақпарат жинауға мүмкіндік беруге шақырамыз», - делінген Мичиган штатындағы Диффамацияға қарсы лига кеңсесінің Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.

«Әзірге бұл кісі өліміне антисемитизмнің қатысы бар-жоғы туралы ешқандай дәлел жоқ», - деді Детройт Еврей Федерациясы. «Біз алдымен Самантаның өлімі туралы шындықты білгіміз келеді».

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта қауіп туралы хабарламалар болмағанын атап өтті.

Алайда Израильдің Диаспора министрі Амихай Шикли Уоллдың өлімі өкінішке қарай Антисемитизммен және Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыспен байланысты деп санайтынын мәлімдеді. Дегенмен шенеунік бұл нұсқаға әлі ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСКЕ БЕТ БҰРДЫ

11/09/2024 - 23:53