ХАМАС екі шетелдік тұтқынды босатты

Админ

Палестиналық ХАМАС тобы АҚШ-тың екі азаматы – 59 жастағы Джудит Раанан мен оның 17 жастағы қызы Натали Раананды босатты. Олар бұл шешімді ізгі ниет белгісі деп түсіндірді. Босатылған тұтқындар қазір Израильде, деп хабарлайды Sarbaz.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.

«Джудит пен Натали Раанан ХАМАС лаңкестері босатқаннан кейін Израильге оралды. Олар 7 қазандағы шабуылдан бері тұтқында отырған», - делінген премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесінде.

Нетаньяхудің тұтқындар бойынша елшісі Галь Хирш ЦАХАЛ және басқа да күштік құрылым өкілдерімен бірге анасы мен қызын Газа секторымен шекарада күтіп алды, деп хабарлады премьер-министр кеңсесі.

«Израиль үкіметі, ЦАХАЛ мен барлық қауіпсіздік қызметі тұтқындарды тауып, үйге қайтару үшін қолынан келгеннің бәрін істейді», - делінген мәлімдемеде.

Босаған тұтқындар Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне берілді. Олар тұтқындарды Газа секторы мен Израиль шекарасынан алып өтіп, израильдік тарапқа тапсырды.

ХАМАС саяси бюросының өкілі Гази Хамад америкалық екі тұтқынды босату топтың ізгі ниетін білдіретінін мәлім етті. «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында Хамад бұл қадам Катардың араласуымен жүзеге асқанын атап өтті.

ХАМАС екі тұтқынның орнына бірнәрсе алды ма деген сұраққа Хамад былай деп жауап берді: «Бұл – халықаралық қауымдастыққа ХАМАС-тың лаңкестік ұйым емес екенін дәлелдеу үшін болған ізгілік ниетінің белгісі».

Хамад ХАМАС ұйымы «тұтқындар мәселесін оң шешуге» дайын екенін, бірақ әуелі Газа секторына Израильдің шабуылын тоқтату керек екенін айтты. Ол топ тұтқындарға «адамгершілікпен және құрметпен» қарап жатыр деп толықтырды.

Израильдің мәлімдеуінше, ХАМАС 7 қазанда Израильдің оңтүстігіндегі қалаларға шабуыл жасағаннан кейін Газа секторына 203 адамды алып кеткен. Хьюман Райтс Вотч пен басқа да құқық қорғаушы топтар тұтқындарды ұстау әскери қылмыспен тең екенін мәлім етті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22