Reuters журналисі Ливанда Израильдің шабуылынан қаза тапты

Админ

Жұма күні Ливанның оңтүстігіне Израиль тарапынан жасалған зымыран шабуылынан Reuters агенттігінің видеожурналисі қаза тауып, тағы алты журналист жараланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Бір топ журналист, соның ішінде әл Жазира мен Франс-Пресс агенттігінің журналистері Израиль шекарасына жақын Алма-эш-Шааб маңында болған, бұл кезде Израиль әскери күштері мен ливандық «Хезболла» жасақтары шекарада атысып жатты.

Ливан премьер-министрі Наджиб Микати мен Хезболла депутаты бұл оқиғаға Израильді айыптады.

Израиль қорғаныс күштері әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады

Әрине, біз өз жұмысын атқарып жүрген журналистерге ешқашан қастандық жасап немесе атқымыз келмейтіні анық. Бірақ қазір соғыс жүріп жатыр, ал соғыс жағдайында бәрі мүмкін, - деді Израильдің БҰҰ-дағы елшісі Гилад Эрдан жұма күнгі брифингте.

Ол Израиль билігі тергеу жүргізетінін айтты.

Reuters агенттігінің мәлімдемесінде Иссам Абдалла хабар таратушыларға тікелей бейнесигнал беру кезінде өлтірілгені айтылған.

Қатты жарылыстан камера шайқалып, ауа түтіндеп, айқай естілген кезде камера тау бөктеріне бағытталып қалған.

Reuters агенттігінің тағы екі журналисі Таер Аль-Судани мен Махер Назе оқиға кезінде жарақат алып, медициналық көмек алған соң ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Reuters.

«Израильдің Әл-Жазира командасына жасаған шабуылы - халықаралық қауіпсіздік стандарттарын елемеу», - делінген медиа желінің хабарламасында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30