Шымкентте сарбаздар әскери ант қабылдады

Әскери рәсімге 200-ге жуық сарбаз қатысты

Админ

Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан келген 200-ге жуық сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолында қаруы бар сарбаздар өз борыштарын лайықты орындауға, ел бостандығы, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халықты және заңды түрде сайланған Қазақстан Республикасының Президентін батыл қорғауға ант берді.

Әскери рәсімде бригада командирі, полковник Амиркожа Айткожин, ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар сөз сөйлеп, ізгі тілектерін айтты.

«Сарбаздар берген анттарына адал, аттарына заты сай азаматтар бола берсін!  Әскери міндет – өте маңызды абыройлы іс. Ел алдында, Отан  алдында, халықтың алдында міндеттеріңізді адал атқарып, үйлеріңізге аман-сау оралыңыздар. Біз сіздерден үлкен үміт күтеміз!» - деді бөлім командирі, полковник Амиркожа Айткожин

Салтанаты жиыннан соң әскери бөлім басшылары сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, оларды мазалаған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар ата-аналар өздерінің балалары жатып демалатын, тамақ ішетін орындармен танысты.

Іс-шара әскери бөлімнің көркем өнерпаздарының мерекелік шағын концертіне ұласты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13