KAZIND-2023: Қазақстан мен Үндістан әскері терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Жамбыл облысында KAZIND-2023 оқу-жаттығуы аяқталды

Халықаралық Қазақстан-Үндістан оқу-жаттығуларының жабылу салтанатына Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің «Мәтібұлақ» полигонында Қазақстан мен Үндістанның терроризмге қарсы бірлескен KAZIND-2023 оқу-жаттығуларының соңғы кезеңі өтті.

Екі елдің әскери қызметшілері заңсыз қарулы құралымның содырлардан тұратын шартты топтарын басып алу мен жою жөнінде бірлескен операциялар жүргізді.

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінің алдында бірқатар нұсқаулық-әдістемелік сабақтар мен тренингтер өтті. Онда Қазақстан-Үндістан біріккен батальонының әскери қызметшілері бірлескен іс-қимылдардың элементтерін кезең-кезеңімен зерделеді.

Kazind-2023 терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулары барысында Қазақстан мен Үндістанның әскери қызметшілері тағы бір рет жауынгерлік үйлесімнің жоғары нәтижесін көрсете білді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13