Десантшылар 1200 метр биіктіктен парашютпен секірді

Парашютпен секіру – десантшылардың жауынгерлік дайындығының маңызды элементі

Админ

Талдықорғандағы десанттық-шабуылдау құрамасының жүзден аса әскери қызметшісі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, 800 және 1200 метр биіктіктен парашютпен секірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парашютпен секіру – десантшылардың жауынгерлік дайындығының маңызды элементі. Бұл жолы әскери бөлімнің офицерлері мен әскери қызметшілері «Бүркіт-2» және «Д-6» арнайы мақсаттағы парашют жүйелерімен С-295 ұшағынан секірді.

Десантшылар секіру алдында мұқият дайындықтан өтті. Жас сарбаздар егжей-тегжейлі нұсқаулықтан өтіп, парашют төсеуді игерді. Сонымен қатар әуе-десанттық кешеннің тренажерларында дайындалды. Әскери психологтар олардың моральдық-психологиялық жағдайын зерделеді.

«Бұл – менің он екінші рет парашютпен секіруім. Мұқият дайындықтың арқасында, бірінші рет секіргендегідей қорқыныш болмады. Мұндай жаттығулар бізді моральдық және физикалық тұрғыда қатайтып, сенімділік береді», - деп өз ойын бөлісті 18404 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Марат Қайратұлы.

Жаттығу сабақтары барысында жалпы салмағы 2500 кг болатын оқ-дәрілері бар жүк контейнерлерін шартты ұрыс алаңына 600 метр биіктіктен түсіру бойынша кешенді іс-шара да өтті. Бұл тапсырманы десантшылар сәтті орындап шықты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13