Қазақстанның әскери байланысшылары ТМД үйлестіру комитетінің жұмысына қатысты

Админ

Душанбеде Достастыққа қатысушы мемлекеттер қарулы күштері байланыс бастықтарының қатысуымен үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оған Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышевтің басшылығымен Қазақстан делегациясы қатысты.

Отырыста үйлестіру комитетінің 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2024 жылға арналған бірлескен қызмет жоспарлары түзетілді. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесін құру және дамыту мәселелері қаралды.

Кездесуге қатысушылар Достастық Қарулы күштерін бірлесіп даярлау іс-шараларын қамтамасыз ету кезінде байланыс бөлімшелері органдарының өзара іс-қимыл нысандары мен тәсілдерін жетілдіру қажеттігін атап өтті. 

Қабылданған шешімдер жалпы және ұлттық мүдделерді ескере отырып, әскери байланыс саласындағы көпжақты әскери ынтымақтастық жүйесін дамытуға бағытталған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13