Оралдағы Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына қонаққа келді

Админ

Ұшқыштар дайындайтын институттың әскери қызметшілері Орал қаласындағы Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері мен шығармашылық ұжымына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мұндай шаралар жасөспірімдерді Отанды сүюге тәрбиелеу, оларды әскери оқу орындарына түсуге ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Білім ордасының өкілдері оқушыларға ашық аспан астындағы авиация техникасының мұражайын көрсетті. Балалар ұшқышсыз басқарылатын құрылғылармен танысып, кейбір ұшақтардың штурвалында отырып көрді.

Институт курсанттары бүлдіршіндерге мұражайдың әрбір жәдігері жайлы айтып, балалардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Авиация қару-жарағын құрастыру және пайдалану кафедрасының оқытушысы подполковник Аманғали Сапулдьяров балаларға авиациялық зақымдау құралдарының үлгілерін көрсетіп, олардың қызмет көрсету тәртібі туралы әңгімеледі.

Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысу – әскери жоғары оқу орны және оның жеке құрамының маңызды міндеттерінің бірі.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13