Семейліктерді шошытқан елес қыз қолға түсті

Қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы қыз «қанды» костюмін киіп, семейліктерді бұрыштан қорқытып отырған 

Нұрдәулет Кәкіш

Семейде полицейлер жер асты өткелінен елді шошытқан елес қызды қолға түсірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Аbai news-ке сілтеме жасап. 

Өткен жексенбіде қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы қала тұрғыны «қанды» костюмін киіп, семейліктерді бұрыштан қорқытып отырған. Ал осы уақытта серіктесі оның бұл әрекетін, адамдардың реакцияларын – бәрін смартфонға түсірген. 

Жастар арасындағы бұл әрекет «пранк» деп аталады. Алайда семейліктердің басым көпшілігі мұндай әзілді дұрыс түсінбей, әлеуметтік желілерде полицейлерге жаппай шағымдана бастаған. Қоғамдық пікірге құлақ түрген полицейлер елес қызды тауып, оның елес тұлғасын анықтады. 

«Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материалдар жиналды. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 69 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Айта кетсек, пранкты жастар жергілікті «квест рум» жарнамалық науқаны аясында ұйымдастырған. Елес образындағы қыздың әзілі мен шығармашылығын бағалаған тұрғындар да болған. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13