Әлем чемпионаты: Мөлдір Жаңбырбай каратэден тарихи алтынға қол жеткізді

Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдің арқасында 5-орын алды

Мажарстан астанасы Будапеште WKF каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Осылайша, тарихи көрсеткіш тіркеліп, Қазақстан қоржынына ересектер арасында WKF каратэден алғашқы алтын медаль түсті. 

Сондай-ақ Қайсар Алпысбай (60 кг) күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдеге ие болды. 
Қола жүлдеге таласқан Софья Берульцева италиялық Клио Ферракутимен тең тарқасты (4-4).

Қарсылас тек ұпайдың сапасы жағынан басым түсті.

Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдің арқасында 5-орын алды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13