Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

Админ

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің 7-турында Қазақстан мен Даниия командалары кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық футболшылар H тобында сынға түсіп жатыр.

Алғашқы минуттан даниялық футболшылар жылдам гол соғуға ұмтылды.

Дегенмен ойынның 36-минутына дейін қақпа құлпы ашылған жоқ.

Даниялық Йонас Винд сол уақытта өз құрамасын алға шығарды.

Одан кейін Роберт Сков 45, 48-минутта есепті үстемелей түсті.

Ойынның 58-минутында қазақстандық Роман Вороговский мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Енді олар алдағы ойынын 17 қазанда сырт алаңда Финляндияға қарсы өткізеді.

Айта кетейік, 7-турда Словения Финляндияны, Солтүстік Ирландия Сан-Мариноны 3:0 есебімен жеңді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13