Азиада: Қазақстан медальдар кестесінде 11-орынға көтерілді

Осы уақытта ел қоржынында 61 жүлде бар: 8 алтын, 15 күміс және 38 қола

Админ

Қазақстан бейсенбі күні Ханчжоудағы Азия ойындарында 3 алтын медаль жеңіп алып, турнир кестесінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Спортшыларымыз бұл күні 3 алтын, 4 күміс және 3 қола еншіледі. Нәтижесінде Қазақстан медальдар кестесінде 13-орыннан 11-ге көтерілді. Осы уақытта ел қоржынында 61 жүлде бар: 8 алтын, 15 күміс және 38 қола. 

Турнирдің абсолютті көшбасшысы – Қытай, бұл ел спортшылары барлығы 333 медаль (179 алтын, 99 күміс және 55 қола) жеңіп алды. Екінші орында 158 медальмен (44 алтын, 54 күміс және 60 қола) Жапония тұр. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеп тұр – 157 медаль (33 алтын, 47 күміс және 77 қола).

Қазақстанның алдында Үндістан – 21-32-33 (барлығы – 86), Өзбекстан – 19-16-25 (60), Тайвань — 15-15-23 (53), Солтүстік Корея 10-16-9 (35), Таиланд — 10-14-27 (51), Бахрейн — 10-2-5 (17) және Гонконг — 7-16-29 (52) орналасқан.

5 қазандағы жарыс күні ел құрамасынан «алтынды» қанжығасына байлағандар: джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков, велошабандоз Евгений Федоров, каратэші Нұрқанат Әжіқанов. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13