Прокурорлар Алматыда кезекті заңсыз істі анықтап, мекеме басшысын жауапқа тартты

Прокурорлар, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша көзделген шаралар тиісті түрде қабылданбағанын анықтады

Админ

Медеу ауданының прокуратурасы сотта азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау кезіндегі бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада ағаштар автокөлік құралдарына, әсіресе азаматтарға зиян келтіре отырып, жауын-шашынды және желді ауа райында құлауы жиі кездесетінін талдау көрсетті.

Жоғарыда көрсетілген фактілер адамдарды, келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу және автокөліктерді қалпына келтіру мақсатында сотқа жүгінуге мәжбүрлейді.

«2023 жылдан бастап соттар азаматтардың 51,3 млн теңгені өтеу туралы 32 талап-арызын қарады. Бұл ретте бюджеттен 31,2 млн теңге өндірілген.

Прокурорлар, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша көзделген шаралар тиісті түрде қабылданбағанын анықтады. Кешенді түгендеу және орман патологиялық зерттеу, сондай-ақ мәліметтерді тиісті базаға енгізу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген.

Аталған факті бойынша Медеу ауданының прокуратурасы заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Eco Almaty» ЖШС директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды, апатты ағаштарды анықтау жөнінде қосымша шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13