НАТО елдері ұйымның бас хатшысы қызметіне Марк Рюттенің кандидатурасын мақұлдады

Рютте қазіргі бас хатшы Йенс Столтенбергті ауыстырады

Админ

НАТО елдері Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттені ұйымның жаңа бас хатшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен аптада Рюттенің жалғыз қарсыласы, Румыния президенті Клаус Йоханнис альянс елдеріне өзінің кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.

Рютте қазіргі бас хатшы Йенс Столтенбергті ауыстырады. Оның мерзімі қазан айында аяқталады.

Столтенберг өз сөзінде Рюттені «Атлантикалық ынтымақтастықтың шынайы жақтаушысы, сенімді көшбасшы және консенсус құруға қабілетті адам» деп атады.

20 маусымда Рюттенің кандидатурасын альянстың барлық 32 мүшесі мақұлдады. Дегенмен ресми мақұлдау шілдеде Вашингтонда өтетін НАТО-ның келесі саммитінде ғана белгіленеді.

57 жастағы Рютте бұл қызметке Ресейдің Украинаға ашқан соғысы және Дональд Трамп Ақ үйге оралса, қаржыландыруды қысқарту және АҚШ-тың рөлін азайту қаупі жағдайында кіріседі.

Рютте Украинаға әскери көмек көрсетудің сенімді жақтаушысы болып саналады. Оның басшылығымен Нидерланд Киевтің батыс елдері арасында жетекші серіктестерінің біріне айналды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13