Тоқаев «Ардагерлер ұйымын» жастарды нашақорлықтан сақтандыру ісіне атсалысуға шақырды

Кездесуде еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды

Админ

Мемлекет басшысы республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымының» бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13