ШҚО-да 75 лудомон әке балаларына 84 млн теңге қарыз – прокуратура

Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер құмар ойынға 7 млн теңгеге ұтылған

Админ

Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 кәнігі алимент төлемеушілер соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам соманы қайтарымсыз аударған. Бұл туралы Sarbaz.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.

Талдау нәтижелері бойынша олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.

Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің  туризм индустриясы Комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.

Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.

Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13