Путин мен Ким Чен Ын қандай келісім жасады?

Ким Чен Ын түнгі уақытқа қарамастан Владимир Путинді әуежайдан арнайы барып қарсы алды

Админ

Пхеньянда Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Путиннің айтуынша, тараптардың біріне өзге елдер шабуыл жасаған жағдайда Ресей мен Солтүстік Корея бір біріне көмек көрсету туралы келісім жасады.

Өз кезегінде Ким Чен Ын Мәскеу мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынастың «жаңа шыңын» жариялады және Украинаға қарсы соғыста Ресейді қолдайтынын мәлімдеді.

Сапар басталар алдында Путиннің халықаралық қатынастар жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков егжей-тегжейлі айтпағанмен, екі ел арасында «жан-жақты стратегиялық серіктестік» туралы келісімге қол қоюға дайындық жүріп жатқаны жайлы хабарлады.

Пхеньян әуежайында Ким Чен Ын түнгі уақытқа қарамастан Владимир Путинді арнайы барып қарсы алды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13