Атырау облысында еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды – Антикор

Ол лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды

Админ

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты үкім жарияланды.

Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.

«Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13