Хуситтер балық аулайтын қайықтар кейпіне өзгертілген дрондарды қолдана бастады

Олар Қызыл теңізде Израильмен қатысы бар жүк кемелеріне шабуыл жасайды

Админ

Йемендік хуситтер балық аулайтын қайықтар кейпіне өзгертілген теңіз дрондарын пайдалана бастады. Шабуылдың видеосын OSINT X әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Балық аулайтын қайық кейпіне өзгертілген хуситтердің ұшқышсыз ұшағы Қызыл теңізде коммерциялық кемеге соққы жасаған.

Сәрсенбі күні олар Tutor жүк кемесіне соққы берді, нәтижесінде жүк кемесінің қозғалтқыш бөлігіне зақым келтірілді және экипажды кемені тастап кетуге мәжбүр етті. АҚШ Орталық қолбасшылығы кеменің Қызыл теңізде қалғанын және баяу қозғалып бара жатқанын айтты.

Видеода кеме бортындағы қарулы күзетшілердің жарылғыш заттар тиелген балықшы қайығының кемеге баяу жақындап келе жатқанын бақылап тұрғаны көрінеді.

Қараша айынан бері Иран қолдайтын хуситтер Қызыл теңіз бен Аден шығанағындағы өмірлік маңызды жүк тасымалдау аймақтарына ондаған ұшқышсыз және зымырандық соққылар жасады. Олар бұл әрекетін Израиль мен Газа арасындағы соғыс үшін кек деп атады.

Осыған дейін Батыс күштері теңіздегі ұшқышсыз ұшақтарды не жойып жіберген, не оларды ешнәрсеге соқпай суда жарып жіберген.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13